Премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

593

Премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Бақытжан  Сағынтаев үкімет үйінде президенттің жолдауын іске асыру аясында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне жаңа технология енгізу мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі барынша оңтайландырылуы тиіс екенін айтты. Мерзімді және құжаттар тізімін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, электронды форматқа көшіру қажет. Осындай бағыттардың бірі – қызмет алушының қатысуынсыз проактивті қызмет көрсетуге көшу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу