Премьер-министр мен Ұлттық банк басшысынан БЖЗҚ қаражатын инвестициялау құралдары туралы мәлімет беруді сұрады

1068

Премьер-министр мен Ұлттық банк басшысынан БЖЗҚ қаражатын инвестициялау құралдары туралы мәлімет беруді сұрады

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары премьер-министр мен Ұлттық банк басшысынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражатын инвестициялау құралдары туралы ақпар беруді сұрады.

"Үкімет пен Ұлттық банк 2014 жылдан бастап бүгнгі күнге дейін БЖЗҚ қаражаты қандай қаржылық құралдарға салынғаны, қандай талаптар және қандай мерзімде қайтарылатыны туралы ақпар беруді сұраймыз", – деп жеткізді Майра Айсина пленарлық отырыста "Нұр Отан" фракциясы мүшелерінің депутаттық сауалын.

Ол инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі Альберт Раудың зейнетақы ақшалары экономиканың жеке секторларын қаржыландыру көзінің бірі болуы мүмкін деген сөзін еске салды.

   Ел азаматтарын "зейнетақы қорының тағдыры, оларға берілген кепіл және БЖЗҚ жұмысы толғандырады", – деп атап кетті Майра Айсина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу