Премьер-министр Минскіде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

504

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.  

Премьер-министр Минскіде өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

Шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Акылбек Жапаров, Ресейдің Үкімет басшысы Михаил Мишустин, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович және басқалары қатысады.

Шағын және кеңейтілген құрамда өтетін кеңес отырыстарында Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту, тауарларды таңбалауды жүргізу, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, "Шығыс-Батыс" және "Солтүстік-Оңтүстік" бағыттарында, оның ішінде Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында ЕАЭО-ның көлік инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларындағы кооперация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және басқа да бірқатар мәселе талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді бекітетін көп жақты құжаттарға қол қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу