Премьер-министр мұнай-газ саласындағы мәселелерді атады

814

Премьер-министр мұнай-газ саласындағы мәселелерді атады

Елімізде мұнай өндірісі артқанымен, одан Ұлттық қорға түсетін табыстың мөлшері кемуде. Мәжілісмен Артур Платонов үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан мәселенің жай-жапсарын сұрады.

Депутат айтқандай, өткен жылғы өндіріс көлемі 78 млн тоннаны құраса, келер жылы бұл көрсеткіш 86 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Алайда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында мұнай өнеркәсібінен түсетін пайда азайғаны байқалуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек биыл табыс мөлшері 1,6 трлн теңге болса, келер жылы 1,5 трлн, ал 2020 жылы 1,4 трлн теңге болады деп жоспарланған. Ал премьер-министр болса оның себебін әлемдік мұнай бағасының арзандауымен түсіндірді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер–министрі:

"Биылғы жылдың табысын біз, барреліне 50 доллар көлемімен болжадық. Ал 2018-2020 жылдардағы кірісті мұнайдың баррелін 45 долларлық көрсеткішпен өлшедік. Қарасаңыз 5 доллар айырмашылық бар. Өндіріс көлеміне келсек, Қашағанда қазір жылына 6 млн тонна өндірілсе, 2020 жылы 13 млн-ға жететін болады"

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Орталық Қазақстанды газдандыру жайына да тоқталды. Сары-Арқа құбырының техникалық-экономикалық негіздеме құжаттары дайын болғанымен, қаржыландыру мәселесі әлі қарастырылуда. Үш кезеңнен тұратын жобаның алғашысында Астанаға дейінгі 80 шақырымдық қашықтықты, ал екінші-үшінші кезеңдерде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарын қамту көзделген. Жобаны іске асыруға 1 трлн теңге қажет, дейді үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу