Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысын бастады

1196

Премьер-Министр Әлихан Смайылов бір аптада Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуге тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысын бастады

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды.

"Комиссия құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қаржы мониторингі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратура және "Самұрық-Қазына" АҚ өкілдері кірді. Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралады", – деп жазылған хабарламада.

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті. Онда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев және тағы басқалары баяндама жасады. 

Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Премьер-Министр Әлихан Смайылов қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдар және "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп, бір аптада Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу