Премьер-министр Өскемендегі көз микрохирургиясы емханасына барды

548

Премьер-министр Өскемендегі көз микрохирургиясы емханасына барды

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев көз микрохирургиясы емханасының консультативті-диагностикалық бөлімінің, стационарының және операциялық блогының жұмысымен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Медицина мекемесін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа медицина кадрларын қайта даярлаудың үш деңгейлі жүйесі таныстырылды.

Орталықта көз аурулары диагностикасы мен оларды емдеудің барлық негізгі заманауи технологиясы енгізілген. Озық технологиялар, жаңа жабдықтар, хирургиялық ілгерінді әдістемелер емханада жүргізілетін емнің жоғары сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, бұл орталықта биыл 300-ден астам адам кепілдендірілген тегін медициналық көмек алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу