ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары қарастырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Бәйтерек" холдингі Үкіметтің елде бизнесті қолдау және дамыту бойынша негізгі операторы және Ұлттық экономика министрлігінің бастамаларын қолдауға әзір ", – деді А. Әріпханов.
Ұлттық экономика министрлігінің ұсыныстарын іске асыру үшін холдингтің еншілес ұйымы – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының барлық қажетті инфрақұрылымы бар.
Мәселен, "Даму" қорының еліміздің барлық өңірлерінде 22 филиалы мен өңірлік орталығынан тұратын бөлімшелер желісі бар. Қор Egov порталы арқылы субсидиялау және кепілдендіру бойынша өтінімдер қабылдауды толық интеграциялауды жүзеге асырды. 2019 жылы қор барлық қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру үшін Online Damu порталын іске қосты.
2020 жылы "Даму" қорының факторингтік, лизингтік операциялары, банк кепілдіктері және т.б. бойынша кепілдікті қарастыратын кепілдендіру құралы бойынша азық-түлік желісі кеңейтілетін болады.
Сонымен қатар, банктермен қатар "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы ретінде шағын қаржы ұйымдарын қосу арқылы субсидиялау және кепілдендіру құралын жетілдіру жоспарланған, бұл микро- және шағын кәсіпкерлерді қамтуды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында жобаларды несиелендіруді ынталандыру мақсатында АӨК-те несие (лизинг) бойынша мөлшерлемені субсидиялауды қарастыру ұсынылады. АӨК-те несие (лизинг) бойынша мөлшерлемені субсидиялау тетігін "БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданыстағы тетігіне сәйкес іске асыру шамаланады.
"Даму" қорының бұрын бөлінген және өз қаражаты есебінен 2020 жылы 11,7 мың ШОБ жобасын қолдау жоспарланды.
Үкіметтің қосымша қаражат бөлуі есебінен "Даму" қоры қосымша 7,7 мың ШОБ жобасына қолдау көрсетеді, оның ішінде салыстырмалы орналастыру тетігі арқылы 5,8 мың жобаға, субсидиялау құралдары арқылы 1,5 мың жобаға және кепілдендіру құралдары арқылы 0,4 мың жобаға қолдау жасалады.
Аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізу үшін "Даму" қорын қосымша капиталдандыру қажет, бюджеттік заңнамаға сәйкес қажетті іс-шаралар жүргізілетін болады.
"Осылайша, қосымша қаражат бөлу және кәсіпкерлікті қолдау бойынша қарастырылған іс-шараларды іске асыру өзекті шара, ол алдағы жылдары ШОБ үлесінің артуына ықпал етуі тиіс ", – деп түйіндеді А. Әріпханов.
"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов өз кезегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы оперативтік штабқа бизнестен 4 мыңнан аса өтінім келіп түскенін хабарлады. Оның 15%-ы туризм саласына жатады, бұл сала мемлекет тарапынан қолдауды аса қажет етеді. А. Мырзахметов Үкімет тарапынан бизнесті қолдау шаралары нақты жағдайларда ауқымды көмек болатынын атап айтты.