Премьер-министр өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді

111

Үкімет басшысы өзінің ойын ашық айтты. 

Премьер-министр өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов өзіне қатысты тараған алып-қашпа әңгімелерге пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Сіз тәжірибелі күштік құрылым өкілі ретінде ҰҚК-ні басқаруыңыз мүмкін деген қауесет тарады. Бұл туралы не айтасыз?" деп сұрады.

"Антикордың бұрынғы басшысына келсек, Асхат Жұмағали туралы білмеймін. Қазір қайта ұйымдастыру процесі жүріп жатқандықтан, бәлкім істерді тапсырумен айналысып жатқан шығар. Маған қатысты айтылып жатқан дүниелерге келсек, бұл жай ғана қаңқу сөздер. Үкіметте жұмыс істеп жатырмын. Мемлекет басшысы сенім артса, Үкіметтегі жұмысымды жалғастыра беремін", – деді Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз брифингінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу