Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Семей қаласының халықаралық әуежайын қайта құру жұмысы мен жүйесімен танысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің орынбасары С. Ақтанов премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа аэродромның қайта құру жұмысының барысы жайлы айтып берді. Оның аясында ұшып-қону жолағы 2,7 км-ден 3,3 км-ге дейін ұзартылады, жаңа апаттан құтқару станциясы тұрғызылады, және коммуникацияның барлық түрі алмастырылады. Бұдан өзге Б. Сағынтаевқа әуежайдың қауіпсіздік жүйесінің жұмысы туралы есеп берілді.
Айта кету керек Семей қаласының әуежайы транзиттік бағдарлар үшін өте қолайлы географиялық жерде орналасқан және қайта құру жұмысынан кейін жүк лайнерінен бастап, кез-келген ұшақ түрін қабылдай алады. Бүгінгі күні әуе айлағы жылына шамамен 70 мың адамға қызмет көрсетеді.