Премьер-Министр Шамалғанда көпір салынатынын айтты

969

Алматы облысының "Ақсеңгір – Шамалған" темір жол өтпесінде жүрдек пойыз автобусты қағып, соның салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болған еді

Премьер-Министр Шамалғанда көпір салынатынын айтты

ҚР премьер-Министрі Асқар Мамин "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

"Nur Otan" қабылдауына еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындары электрмен, сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға қатысты проблемаларымен және басқа да мәселелермен жүгінді. 

Күмісжан Мифтахова Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер кентінің 14 мыңнан астам тұрғынның атынан аталған елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесін көтерді – кентте небәрі 10 трансформатор қосалқы станциясы жұмыс істейді, соның салдарынан энергиямен қамтамасыз етуде проблемалар туындап отыр. 

А. Мамин Энергетика министрлігіне және Ақмола облысының әкімдігіне қысқа уақыт ішінде үздіксіз электрмен қамтамасыз етумен АТЭК балансына барлық электрмен қамту нысандарын беру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ тарифтегі айырмашылықтарды азайтуды қарастыруды тапсырды. 

Алматы облысының Қарасай ауданының тұрғыны Базаркелді Анисов қабылдауға "Ақсеңгір – Шамалған" темір жол өтпесінде көпір салу туралы өтінішімен жүгінді. 

"Көпір мен жаяу жүргіншілер өткелі салынып, 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі", –  деді А. Мамин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу