Премьер-министр су тасқынын ерекше бақылауға алуды тапсырды

602

Премьер-министр су тасқынын ерекше бақылауға алуды тапсырды

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев аймақтардағы әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға су тасқынын ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Негізгі күн тәртібін талқылауға көшпес бұрын премьер-министр ішкі істер министрінің, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының аймақтардағы қазіргі су тасқыны, сонымен қатар төтенше жағдайларға жол бермеу шаралары жайлы баяндамаларын тыңдады.

Бақытжан Сағынтаев қазір еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қар жылдам еріп жатқанын айтты, соған байланысты су қоймаларында су деңгейі күрт көтеріліп, елдімекендер мен жолдар су астында қалып жатыр.

Премьер-министр әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға төтенше жағдайға жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдап, бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу