Премьер-министр: Терең өңделген өнімдер шығаруға күш салу қажет

175

Құзырлы министрліктерге бірқатар тапсырма берілді. 

Премьер-министр: Терең өңделген өнімдер шығаруға күш салу қажет Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты құрылымында әлі күнге дейін астық пен ет сияқты шикізат түрлері басым екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты құрылымында әлі күнге дейін  астық пен ет сияқты шикізат түрлері басым. Мемлекет басшысы бұл мәселеге бірнеше рет назар аударды. Сондықтан терең өңделген өнімдер шығаруға күш салу қажет. Қазірдің өзінде мұндай жобалар бар  және олар тиімділігін көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын бизнесті қолдау құралдарын кеңейтуді тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері айналым қаражатын несиелеу мерзімін екі жылға дейін ұзарту мәселесін шешуге тиіс.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерін  қайта өңдеу үлесін биыл 70%-ға дейін жеткізуіміз керек. Жалпы, аталған шаралар шикізат экспортына тәуелділікті азайтады, ал өсуге ықпал ететін жаңа бағыттар  тұрақты экономикалық дамуға негіз болады", – деп атап өтті Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу