Үкімет басшысы Асқар Мамин Тимур Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызының өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.
"Құрметті Тимур Асқарұлы! Орны толмас ауыр қайғыға душар болуыңызға – аяулы анаңыз Раиса Алдабергенқызының өмірден өтуіне орай қатты қайғырып көңіл айтамын. Әулеттің құты, шаңырақтың алтын діңгегі, босағаның бағы – Ананы жоғалту әркімге де ауыр. Осынау қиын сәтте қайғыларыңызды бөлісемін. Марқұмның жатқан жері жайлы, жаны жанатта болсын!" делінген көңіл айту қазанамасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу