Премьер-министр Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды

968

Премьер-министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді. 

Премьер-министр Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында салынып жатқан бірқатар нысанды аралады, сондай-ақ облыс орталығындағы жаңа ғимараттар салынатын жерлердің жұмыс жоспарларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Премьер-министр Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараттары салынатын алаңдарды тексерді. Осы айда іргетасын қалап, 2020 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Асқар Маминге құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдар көлемімен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон шығаратын жаңа зауыт салу көзделгені баяндалды.

Бұдан өзге, Асқар Мамин медиа орталықтың, конгресс-холдың, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталды. Ұсынылған нысандар жақсы функционалдылығымен, сыйымдылығымен ерекшеленеді және сәулет өнерінің қазіргі стандарттарына сай келеді.

Салынып жатқан әкімшілік нысандарды тексеруді аяқтаған соң, ҚР премьер-министрі президент тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болған жағдайда құрылысшыларды қосымша тартуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу