Премьер-министр Түркияның сауда палаталары одағының төрағасымен кездесті

729

Премьер-министр Түркияның сауда палаталары одағының төрағасымен кездесті

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет үйінде Түркияның Сауда, өнеркәсіп палаталарының және тауар биржалары одағының басқарма төрағасы Рифат Хисарджиклыоглумен кездесу өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне түрік инвестициясын тарту, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланды.

Түркияның сауда, өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағы 61 сауда палатасын, 11 өнеркәсіп палатасын, 175 сауда-өнеркәсіп палатасын, 2 теңіз палатасын және 110 сауда биржасын біріктіреді. Палаталар мен биржалардың жалпы саны – 364.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу