Елде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосу үшін бірнеше ай керек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Бүгінде отандық көліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бағдарламаны іске қосу мәселесін шешу үшін бірнеше ай керек", – деді Премьер-министр.
Айта кетейік, өткен аптада Әлихан Смайылов Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған бағдарламаға 100 млрд-тан аса теңге бөлінетінін айтқан. Бұл қаржы тұрғындарға отандық көліктерді сатып алу үшін беріледі.