Премьер-Министр жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді

649

"Қазақмыс" корпорациясы, "ССТКБӨБ" АҚ, NCOC және басқа да ірі кәсіпорындардың басшылары жұмыс орындарын сақтау шаралары туралы ақпаратты жеткізді.  

Премьер-Министр жұмыс орындарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек нарығындағы жағдай және жұмыспен қамту шаралары туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ шаралары туралы Қордың басқарма төрағасы А. Есімов, жұмыспен қамтуды қолдау бойынша бизнес қауымдастық ұсынған шаралар туралы "Атамекен" ҰКП" басқарма төрағасы А. Мырзахметов, өңірлерде жұмыспен қамту туралы Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Атырау облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдері баяндады.

 "Сыртқы нарықтардағы жағымсыз динамика аясында біздің басты басымдығымыз жұмыс істеп тұрған өндірістерді сақтау, экспорттық позицияларды сақтап қалу болып отыр. Біз қазақстандықтардың арасында жұмыссыздықтың артуына жол бермеу мақсатында өндірістік процестерді басқаруда икемділікті қамтамасыз етуге тиіспіз", – деді А. Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу