Премьер-министр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

845

Премьер-министр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына келді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс бағдарламасында өндірісті технологиялық жаңғырту және цифрлау мәселелері жөнінде өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымдарымен, сондай-ақ өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері жөнінде облыс жұртшылығымен кездесуі жоспарланған.  

Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған ірі инфрақұрылымдық, білім беру және медицина нысандарын аралайды деп жоспарланған. Сондай-ақ премьер-министр "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй нысандарының құрылысымен танысады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені президенттің тапсырмасына сәйкес мұнда ауқымды агломерация дамып, заманауи урбанистік орталық құрылады. Сонымен бірге облыста бірқатар ірі өнеркәсіп және инфрақұрылым кәсіпорны орналасқан.

Еске сала кетейік, премьер-министр Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарын бастады. Жоспарланған кестедегі бірінші облыс Шығыс Қазақстан облысы болды. Сонан соң Батыс Қазақстан облысын аралады, ал бүгін Ақтөбе облысына келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу