Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев президенттің тапсырмасымен жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Жұмыс сапары барысында премьер-министр президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриялық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.
Сонымен бірге облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Бақытжан Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкция барысымен де танысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу