Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңген партия ұсынуға құқылы

615

Бұл туралы Мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР Парламентінің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңген партия ұсынуға құқылы Фото: akorda.kz

"Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынды.

"Өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу