Премьер-министрдің кеңсесі жарты миллиард теңгеге әуе кемесін іздеп жатыр

1045

Лот мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Премьер-министрдің кеңсесі жарты миллиард теңгеге әуе кемесін іздеп жатыр

Техникалық ерекшелікте көрсетілгендей, әуе көлігі жолаушыларды ішкі және халықаралық қатынаста кестесіз тасымалдауы керек (яғни төтенше жағдайлар болып тұрады, сондықтан көлік әрқашан сақадай-сай тұруы керек) және өзге де шарттар бар:

- қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- орындалған рейстер бойынша есеп айырысу;

- ұшу сағатының құны нақты болуы тиіс.

Әуе кемесін пайдалануға байланысты барлық шығындарды (отын, метеожетімділік, аэронавигация, әуежайлардың қызметтері, экипажға, жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар және т.б.) қамтуға тиіс. 

Келісімшарт 2022 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығына жасалады. Премьер-Министрдің кеңсесі бұған 516 млн теңге бөлді. Өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу