Үкіметте ауыс-түйіс. Бүгін премьер-министрдің қос бірдей орынбасары тағайындалды. Президент жарлығымен бұл лауазымды қызметті енді Ерболат Досаев пен Асқар Жұмағұлов атқаратын болады.
47 жастағы Ерболат Досаев 2016 жылдан бері "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы міндетін атқарып келді. Ал оған дейін 2014 жылы Ұлттық экномика министрі болған еді. Бірақ жер реформасына қатысты шыққан даудан кейін өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Досаевтың Денсаулық сақтау министрі болған кезі де онша сәтті аяқтала қоймағаны есімізде.
Ал, 45 жастағы Асқар Жұмағұловға келсек, оның да министрлер кабинетіне алғаш рет енуі емес. Бүгінге дейін "ҚазАтомпром" акионерлік қоғамын басқарған ол Байланыс және ақпарат министрі, "Қазақтелеком" компаниясының президенті секілді лауызымды қызметтерді атқарды.