Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған хабар тарап жатыр

237

Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. 

Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған хабар тарап жатыр Фото: Pixabay.com

Мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу