Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тағы кездесулері

804

Президент ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тағы кездесулері

Кездесу барысында Қазақстанда толыққанды технологиялық хаб құру және IT саласында адами капиталды дамыту мәселелері әңгіме арқауына айналды. 

ЕРАМ systems – бағдарламалық қамтамасыз ету және күрделі цифрлық платформаларды әзірлеу қызметін көрсететін әлемдік жетекші компания.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалда білім беру саласын дамыту, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, университеттерге академиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Coursera – білім беру және заманауи өмірлік дағдыларды оқыту саласындағы көшбасшы компаниялардың бірі.

Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті

Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары талқыланды.

Президент АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігінің әкімшісі Саманта Пауэрмен кездесті.

Кездесуде даму саласындағы түрлі жобаларды жүзеге асыруға баса мән беріліп, Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент General Electric International Markets компаниясының аға вице-президенті Набил Хабайебпен кездесті

Копорация Қазақстанға медициналық жабдықтар өндірісін көшіруге ниетті, атап айтқанда УДЗ және КТ аппараттарын шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чепманмен еліміздің көмірсутек секторындағы бірқатар жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Кездесуде Қашаған кен орнында толық ауқымды өндірісті қайта бастау мерзімдерін талқылады.

ҚР Президенті мен Franklin Templeton жаһандық инвестициялық фирмасының бас директоры Дженни Джонсон Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндіктерін қарастырды.

Сондай-ақ әлемдік экономика мен қаржы нарықтарының одан әрі дамуы жөнінде пікір алмасты.

Franklin Templeton – 1,5 трлн долларлық активке ие жаһандық инвестициялық компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу