Президент "Азерсун" өндіріс және логистика орталығын аралады

685

Президент "Азерсун" өндіріс және логистика орталығын аралады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мемлекет басшысы орталықтың жұмысымен танысып, өндірістік тауарлар, сондай-ақ жеміс-жидек пен көкөніс сақталатын қоймаларды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ақтаудағы логистика орталығының қызметі азық-түлік өнімдерінің бағасын арзандатуға бағытталған. Маңғыстау облысымен қатар, республикамыздың басқа да өңірлеріндегі азық-түлік бағасын төмендетіп, онымен қамтамасыз ету мақсатымен тауарларды сақтау, жеткізілетін көлемін арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет", – дейді елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев орталық қызметкерлеріне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу