Президент "Спортклуб Маңғыстау-Арена" спорт кешенін аралады

827

Президент "Спортклуб Маңғыстау-Арена" спорт кешенін аралады

Елбасы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Спортклуб Маңғыстау-Арена" спорт нысанының жұмысымен танысып, күрес залын және көпфункционалды залды аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы спорт саласының өкілдерімен әңгімелесті. Олардың арасында қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшы Әмин Тұяқов, бокстан әлем чемпионаттарының және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, сондай-ақ танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт ардагерлері бар.

Спортшылар жан-жақты қолдауы мен қамқорлығы үшін мемлекет басшысына алғыс білдірді.

Кешен демеушілердің қаражатына салынған. Онда футбол, баскетбол, волейболмен шұғылдануға, сондай-ақ жекпе-жек сайысымен және жеңіл атлетикамен айналысуға арналған залдар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу