Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары" атты халықаралық конференцияға қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz Президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
"Конференцияға БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық сарапшылар, бизнес және азаматтық қоғам, қаржы институттары, даму жөніндегі серіктестер мен БАҚ өкілдері қатысады", – деп жазылған Берік Уәлидің хабарламасында.