Президент 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

432

Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.    

Президент 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады Фото: akorda.kz

Сонымен қатар Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.  

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу