Мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

177

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери міндетін өтеген сарбаздарды запасқа шығару туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру екі кезеңде жүзеге асады.

  • Наурыз – маусым
  • Қыркүйек – желтоқсан

Сонымен қатар, белгіленген мерзімін өтеген әскери қызметшілер запасқа шығарылады.

Әскерге шақыру науқаны Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтеді. Құжатта әскерге шақыруды уақытылы және сапалы жүргізу қажеттігі көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу