25 жыл бойы жақтастар іріктеп алуда жолым болды. Бұл туралы бүгін Ақордада жаңғырту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"25 жылдыққа орай барлығы сөз сөйлеп, біздің жетістіктеріміз жайында айтуда. Шындығында да мақтанарлық жайттар бар. Біз көп іс атқардық. Егер сіздер жанымда болмағанда жалғыз өзім ештеңе де істей алмас едім. 25 жыл бойы жақтастар іріктеп алуда жолым болды. Олар өз істерін жасады. Мен сіздерді команда деп есептеймін. Сондықтан да жетістіктер бар. Жалғыз адам ештеңе де жасай алмайды. Мен барлықтарыңызға, біздің Парламентімізге, депуттарымызға кешегі декларациялары үшін ризашылығымды білдіремін. Онда біздің дамуымыздың барлық кезеңдері, менің рөлім аталып өтілген. Әрине, адам ретінде бұл ұнады. Парламент бұл биліктің дербес тармағы, шешім қабылдауға, өз пікірін білдіруге құқығы бар", – деді Назарбаев. Елбасының атап өтуінше, қалалардың, елдердің атауларын өзгерту тыңғылықты сараланып барып жүзеге асырылатын болады. "Кез келген мәселені, әсіресе қалалар мен елдің мекендердің атауын біз мемлекет үшін, ел үшін қажеттілігіне қарай барынша өлшеп, сәйкестей отырып шешетін боламыз. Бұл мәселенің сыртқы бөлігі. Мәселенің ішкі бөлігінің нақты нәтижелерімен айналысу қажет", – деді Президент.