Президент 55 қытайлық зауытқа қатысты пікір білдірді

5113

Мемлекет басшысы теріс пиғылды  қауесет таратушылардан сақтануға шақырды. 

Президент 55 қытайлық зауытқа қатысты пікір білдірді

Теріс пиғылды  қауесет таратушылар патриот, әрі сезімге берілгіш адамдарды айла-шарғымен өз мақсаттарына  пайдаланатындығын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты. 

"Тәуелсіздік пен мемлектеттілік – қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайту үшін қызмет етуі керек. соңғы уақытта жер "шетелдіктерге сатылады екен" немесе "көрші елдің 55 ескі зауыты көшіп келеді", "мыңдаған шет елдік жұмыскерлер тартылады екен" деген сияқты қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз ондай әңгімелерге ермеуі қажет",- деді Президент.

"Теріс пиғылды  қауесет таратушылар адамдарды айла-шарғымен өз мақсаттарына пайдаланады. Соның ішінде патриот, сезімге берілгіш адамдарды да өз мақсаттарына пайдаланады. Адамдарды осылай өз мақсаттарына пайдалану – геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінуіміз керек. Олардың мақсаты – халықтың бірлігін бұзу және Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру. Біздің халық – дана халық. Жақсы мен жаманды айырып, өз ақылымен өмір сүре алады. Биліктің тапсырмасы – мақсаттар мен міндеттерді саясатты түсіндіру. Бұны біз кейде біршама нашар орындаймыз",- деді Мемлекет басшысы.

Нұржан Көшкін 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу