Президент Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қойды

537

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды:

Президент Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қойды

"Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.

2. Дауыс берудi өткiзу,  сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

 Президенті                                                                                    Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 шілде

                               №957"

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу