Сонымен қатар, оның кәсіби қызметі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен де атап өтілді.
А. Олтяну еңбегіне берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстардың ілгерілеуіне одан әрі үлес қосуға дайын екенін растады.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілдесінде Абайдың "Немура" баспасы арқылы румын тілінде тұңғыш рет жарық көрген еңбектері оқырмандардың ықыласына ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде ақынның мерейтойын атап өту аясында Бухарестің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.