Ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан Президенті шейх Заид мешітіне барды, деп жазды Мемлекет басшысының Twitter парақшасына.
"БАӘ тарихи маңызы зор нысандарының бірі - Абу-Даби қаласындағы шейх Заид мешітіне барып, Әмірліктердің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым еттім. Екіжақты байланысты нығайтуға мол үлес қосқан шейх Заидқа құрметіміз ерекше", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид мешітіндегі Құрметті қонақтар кітабына "Өз халқының ұлы перзенті, Әмірліктердің негізін қалаушы шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның рухына тағзым етемін. Бауырлас Әмірліктер халқының ырысы мол, берекесі баянды, мерейі лайым үстем болуына шын жүректен тілектеспін!" деген қолтаңба қалдырды.