Президент Абылай хан монументін салуды қолдады

1390

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Ақмола облысына барды.  

Президент Абылай хан монументін салуды қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "белсенділер ұсынған Абылай хан монументін салуды қолдау керек екенін айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Тың кешен ел бейнесін айшықтайтын маңызды орынға айналатынына сенім білдірді.

"Щучинск-Бурабай курорттық аймағы еліміздегі ең көрікті 10 орынның қатарында. Жылына 2 млн-ға жуық турист қабылдауға қауқары бар. Бірақ әзірге ондай көрсеткішке қол жеткізе алмай отырмыз. бірінші кезекте Бурабай мен Щучье көлдерін батпақтан тазарту жұмыстарын жүргізу керек. Табиғаттың осы тартуын өскелең ұрпаққа сақтап қалуымыз қажет. Сондықтан Үкімет мен тиісті орындарға осы мәселені дереу шешуді тапсырамын. Жақында маған Абылай хан монументінің жобасы көрсетілді. Меніңше, бұл кешеннің құрылысына рұқсат беру керек", – деді президент

Айта кетейік, бұған дейін қоғам қайраткері Арман Шораев Абылай ханның 53 метрлік алып ескерткішін салуды ұсынған болатын. Осы жобаны іске асыруды президент Қасым-Жомат Тоқаев қолдайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу