Оның айтуынша, бүгін қазақстандықтар маңызды шешім қабылдайды, бұл үдерісте ешқандай мәжбүрлеу жоқ.
"Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Ешқандай мәжбүрлеу жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды", - деді Президент №59 сайлау учаскесінде.
Оның айтуынша, халықтың игілігі үшін жұмыс істеу – өзі үшін ең басты міндет.
"Алда үлкен жұмыс күтіп тұр, бүгін дауыс беретін Конституция ережелерін іске асыруымыз керек. Партияларға, Парламентке қатысты заңға өзгерістер енгізу бар. Менің ойымша, біздің парламент бұл жұмысты лайықты деңгейде атқарады. Мен халқымыз дауыс беретін жаңа енгізілімдер еліміздің қоғамдық өміріндегі өте үлкен өзгерістерді болжайтынын атап өткім келеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас парадигмасы өзгеруде. Адам құқықтары алдыңғы орынға шығады. Бұл өте маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол адам құқықтары жөніндегі омбудсмен жаңа мәртебеге ие болатынын және конституциялық сотқа жүгінуге мүмкіндік алатынын атап өтті.