Президент "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойды

325

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойды Фото: Ақорда

2023 жылы 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:

Қоса беріліп отырған "Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары" (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) бекітілсін.

Қазақстан Республикасы Үкіметі:

Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын", делінген Президент Жарлығында.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу