Президент адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдауды тапсырды

556

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Президент адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдауды тапсырды Фото: egemen.kz

"Жұрт заңдардың кейбір ережелеріне наразылық білдіріп, шағым айтуда. Конституциялық Соттың шешімдері кейбір шағымдардың орынды екенін көрсетіп отыр. Яғни, заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қолдану ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың және басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, заңдар Конституцияға толық сай болуы керек.

"Парламент осы маңызды мәселеге байланысты табандылық танытып, басты рөл атқаруы қажет. Бұл жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін күшейте түсуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау саласындағы күрделі мәселенің бірі адам саудасы екенін атап өтті.

"Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Мұндай заң адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу