Президент АХҚО басшысына шетел инвестициясын тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

620

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басшысы Қайрат Келімбетовке шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент АХҚО басшысына шетел инвестициясын тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қайрат Келімбетов Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндаған. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу