Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы:
Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Комиссия төрағасы;
Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары;
Мақжанова Назгүл Сейітқожақызы – кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісім бойынша), Комиссия төрағасының орынбасары;
Нұрахметова Гаухар Сердалықызы – гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы (келісім бойынша), Комиссия хатшысы;
Айтбаева Светлана Ермекқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша);
Апенко Инна Сергеевна – кәсіпкер, "Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша);
Әлтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы – "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша);
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты (келісім бойынша);
Бекбасова Жанар Арыстанбекқызы – стратегиялық коммуникациялар, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы, "Turan Business Development" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);
Гребенникова Галина Александровна – отбасын жоспарлау, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер, "Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
Жандай Сана Шайханқызы – кәсіпкер, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша);
Жандосова Баян Айтбекқызы – "Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі" қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Қанай Гүлмира Әмірханқызы – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісім бойынша);
Қожалы Тоғжан Бақытжанқызы – қоғам қайраткері, "HAQ" қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша);
Миронюк Татьяна Александровна – "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
Мұқажанова Раушан Мұратханқызы – кәсіпкер, "Адал Ас trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша);
Мүкей Айгүл Адиятоллақызы – журналист, қоғам қайраткері, "Jibek Joly" телеарнасының тележүргізушісі, "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша);
Мырзабаев Ержан Қуандықұлы – отбасылық психолог (келісім бойынша);
Негай Николай Анатольевич – жоғары санатты дәрігер-психиатр, Дүниежүзілік психиатрия қауымдастығының Шығыс Еуропа елдеріндегі өкілі (келісім бойынша);
Рыстина Индира Садыбекқызы – "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – проректоры (келісім бойынша);
Савицкая Татьяна Ивановна – психолог, медиатор, Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, "Диалог" жанжалдарды шешу орталығы" жеке меншік мекемесінің басшысы, Кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті (келісім бойынша);
Сағынбаева Аяулым Зарлықанқызы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "Ақпараттық есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы (келісім бойынша);
Сәбитова Әлия Орманқызы – әлеуметтік кәсіпкер, "Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы" заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
Смышляева Юлья Дмитриевна – "Senim Qogamy" қоғамдық қорының директоры, "Жауапты ата-аналар академиясы" жобасының авторы (келісім бойынша);
Фазылжан Анар Мұратқызы – "А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);
Хасенов Муслим Ханатұлы – құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы, "М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті" акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша);
Шиманская Полина Викторовна – журналист, PR және көпшілік алдында сөз сөйлеу саласындағы сарапшы (келісім бойынша);
Шөжеева Азиза Тимурқызы – кәсіпкер, "TechnoWomen Non-profit Organisation" коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, саясаттанушы (келісім бойынша).