Заң мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, халықты жұмыспен қамтуға, жастардың дамуына қажетті мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Заңға жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін ұлғайту бойынша да өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жастарды жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жаңа құзыреттер беру көзделген.
Сонымен қатар, заңда мына мәселелер де қаралды:
- бала күтімі бойынша төлемдерді тағайындау мерзімінің ұзақтығын 1,5 жылға дейін ұлғайту;
- ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне – 70%-ға тұрақты түрде жеткізу;
- ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері – 120%-ға дейін;
- әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 деп белгілеу;
- жасына қарай зейнетақы төлемдерін есептеудің кіріс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 есеге дейін арттыру.