Президент "Орталық Азия плюс" форматына сұраныс артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Орталық Азия плюс" форматына сұраныс артып келеді. Биыл аймақ елдері Еуропа Одағымен, Италиямен, Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен және Жапониямен бірлескен келіссөздер жүргізді", – деді Мемлекет басшысы.
Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі.
"Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.
Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті, өмірлік қажеттілік.
Осылайша, Қазақ елі жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Біз осы бағыттан таймай, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.