Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында қоғам қайраткері Жүрсін Ерман айтыс жайында ой қозғады. Оның айтуынша, ақындар президентті жырлағанда мыңдаған халық қолдау білдіреді. Алайда Мемлекет басшысы ондай "тапсырманы" ұнатпайтынын жеткізді, деп хабарлайды inform.kz.
"Кейде менің қиналатыным – бүкіл Қазақстан теледидарынан отырады да, не домбыра тарта алмайды, не сөзінің қисыны келмейді, не әні жоқ. Меніңше, айтыс алдымен облыста өтсе, сол жерден жеңімпаз шықса, оларды таңдап, республикада көрсетсе, дұрыс болар еді. Кілең дүлдүлдер шығуы тиіс. Оның сөзі әніне сай болуы қажет. Әйтпесе, сендер Назарбаевты мақтаңдар деп тапсырма бересіңдер, содан кетті, кейде оның ішінде неше түрлі бәле айтылып кетеді. Адам тыңдамайтын", – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.