Президент академик Аманжол Қошановтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты

862

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, академик Аманжол Қошановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент академик Аманжол Қошановтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманжол Қошанұлы Қошановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Аманжол Қошанұлы ұзақ жыл табысты еңбек етіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Нарық қатынасына көшу кезеңінде іргелі реформаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын терең зерттеді. Білікті мамандар даярлау ісіне де өз үлесін қосты. Игі қызметімен ел-жұрт алдында құрметке бөленіп, соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған Аманжол Қошанұлының есімін халқымыз әрдайым ардақ тұтады", – деп жазылған лінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу