Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
"Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын", – делінген жарлықта.
Айта кетейік, Оңдасын Сейілұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу