Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров ҚР президенті әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу