Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер болды

457

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйістер болды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшының өкімдерімен:

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;

Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу