Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

891

Осы уақытқа дейін Алматы қаласында инфекцияға шалдыққан – 18, Нұр-Сұлтан қаласында – 18 адам, жалпы 36 науқас  

Президент Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын коронавируспен күреске аударды

ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Аударылған қаражат елорда мен Алматы қалаларының пандемия салдарын өз бастарынан өткерген тұрғындарға беріледі. Сонымен қатар жиналған қаржы коронавирусқа қарсы күреске атсалысып жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыруға да жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігін жұқпалы аурулар ауруханаларын қолдауға, маскалар мен басқа да қажетті қорғаныш құралдарын сатып алуға жұмсау жоспарлануда. Бұдан бөлек балалар үйлеріне де көмек көрсетіледі", - деп жазды Б.Уәли Facebooк-те.

Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу