Президент "Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы" Заңға түзету енгізді

699

"Қаладағы шағын аудан" деген ұғым пайда болды.

Президент "Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы" Заңға түзету енгізді

Бүгін Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Ақорда сайтындағы ресми хабарда заңның толық мәтіні баспасөзде жарық көретіні айтылған. 

Еске салсақ, 24 қарашада Парламент Сенатында аталмыш заңның жобасы талқыланған болатын. Сол жобада "ауыл" мәтребесін беру үшін елдімекендегі халықтың саны 50 адамнан кем болмау керектігі көрсетілген. Сондай-ақ, шағын аудандар мен қаланың бас жоспарындағы аудандардың ара-жігін ажырату үшін "қаладағы аудандар" деген ұғым енгізілген. Жаңа редакция бойынша Облыстық және және республикалық маңызға ие қалалардың "қаладағы ауданында" халық саны 400 мыңнан кем болмауға тиіс. Мұндай сан ескі редакцияда да болғанымен, оның нақты қала ішіндегі ауданға қатысты талап екені нақтыланбаған болатын.
Заң жобасының 10-бабына "Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді" деген тармақша қосылды. Ал 11-бапқа Үкімет облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізе алатыны туралы тармақша бар.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу