Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу